Қазақстанның жетекші дәрігерлері аймақтарда 350-ге жуық ота жасады

3 Шілде, 2017 18:34
Еліміздің елдімекендерінде екі айдың ішінде 350-ге жуық ота жасалып, 150 шебер-сыныптарын өткізді.

120-ға жуық оқу семинарлары ұйымдастырылып, профильді мамандар үшін түрлі тақырыптағы дәрістер оқылды. Аталған шараға 6700 медицина қызметкерлері қатысты. Аймақтарда облыстық және қалалық көп профильді ауруxаналардың базасында емделушілер қаралып, қажетті кеңестер берілді. Жалпы алғанда 5100 ұсыныстар берілді, оның ішінде 950 бала қамтылды.

«Дәрігерлер бригадасының қатысуымен тізе эндропротездеу және жамбас буындары, балалардың туа бітті даму ақаулары бойынша, ересек емделушілердің қатерлі ісіктерін алып тастау, қолқа жамбастық және жамбас-тізе асты ұштастыру, гастростома, ашық жүрекке ота  жасалды», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Емдеуші дәрігерлермен бірлесе науқастарды әрі қарай емдеу әдістері әзірленді. Ауруы асқынған науқастарға республикалық медициналық орталықтарға жату үшін бағыттама берілді.Аталған акцияның арқасында жергілікті дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер өз біліктіліктері мен білімдерін арттыруға үлкен мүмкіндік алды. Сондай-ақ, өздерін қызықтырған сауалдарын жолдап, елімізге танымал дәрігерлерімен өз тәжірибелерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.

Айта кетейік,  аталған акция Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында өтті.

 

Барлық жаңалықтар