Алматыда шамамен 16 шақырым су құбыры қайта қалпына келтіріледі

3 Шілде, 2017 18:17
Алматы су холдингі ағымдағы жылы 15,8 шақырым су құбыры желісін өз қаражаты есебінен қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Бұл мегаполистің 18 мыңнан астам тұрғынын үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қалпына келтіру жұмыстары барасында ескі құбырлар жаңасына алмастырылады, олардың қызмет ету мерзімі 50-60 жылды құрайды. Барлық жұмыстар жылу беру маусымы басталғанға дейін аяқталады. Алайда, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу барысында тұтынушылар үздіксіз суық сумен қамтамасыз етіледі», - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Бұдан басқа, Алматыда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жаңа сумен қамтамасыз ету желілері салынуда.

«Алматы су холдингі» МКМ 5 жыл ішінде өз қаражаты есебінен 146 шақырым суқұбырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Өз кезеінде бұл оның ескірген жағдайын 2009 жылғы 71%-дан 2016 жылы 65,4%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 

Барлық жаңалықтар