- Басты
- Жаңалықтар
- Астананы газдандыру Сыр елінен бастау алады – Қ.Көшербаев
Астананы газдандыру Сыр елінен бастау алады – Қ.Көшербаев
Жаңа станцияның мүмкіндігі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралдық газ құбырының өткізгіштік қабілетін 10 млрд.текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 1534 шақырым, оның 180 шақырымы Қызылорда облысы аумағынан өтеді. Жобаның 1-ші кезеңінде Астана қаласы, Қарағанды облысы және Ақмола облысының оңтүстік аудандары газдандырылмақ.
«Ең маңыздысы, «Қараөзек» станциясының құрылысы елордамыз Астана қаласын және солтүстік өңірлерді алдағы газдандыруды есепке ала отырып жоспарланған. Болашақта елорданы газдандыру жұмыстары қасиетті Сыр елінің жерінен бастау алады. Елбасының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар - "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралды газ құбыры Сыр еліне зор мүмкіндік берді. Облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры Қызылорда облысын газдандыруға жол ашты. Бұл Мемлекет басшысының бізге жасаған тікелей қамқорлығы. Аталмыш станцияның іске қосылуы газ саласы қызметкерлерінің Астана күніне жасаған сыйы», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев жаңа компрессорлық стацияны іске қосу салтанатында сөйлеген сөзінде.
Атап өту керек, Қызылорда облысы әкімдігі мен "ҚазТрансГаз Аймақ" Акционерлік қоғамы арасында жасалған меморандумға сәйкес 4 ауданның орталығы (Арал, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған) және Байқоңыр қаласына автоматтандырылған газ тарату станциялары мен ішкі газ құбырларының құрылыстары жүргізілді. Бұған жалпы сомасы 23 млрд. теңге қаржы бөлінді.
«Қараөзек» компрессорлық станциясы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан 944 шақырымда орналасқан, осы жылғы сәуірде Ақтөбе облысында пайдалануға енгізілген «Бозой» станциясынан қосарлы жұмысқа есептелген.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті