- Басты
- Жаңалықтар
- Еліміздің сыртқы саясаты қалыптасты – Н.Назарбаев
Еліміздің сыртқы саясаты қалыптасты – Н.Назарбаев
Мемлекет басшысы биыл еліміздің сыртқы саясат саласы үшін мерейлі меже болып саналатынын, осыдан 25 жыл бұрын Қазақстанның дипломатиялық қызметін құру туралы Жарлыққа қол қойылғанын атап өтті.
«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында біздің басқа мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі тәжірибеміз де, өзіміздің дипломатиялық қызметіміз де болған жоқ. Дипломатиялық кадрлардың тапшылығы ерекше байқалды», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев бұл проблемалар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдаймен тұспа-тұс келгенін айтты.
«Қысқа уақыт ішінде дипломатиялық корпус құрып, өз елшілерімізді шет елдерге жіберуге мүмкіндік алдық. Міне, ширек ғасырдан кейін еліміздің сыртқы саясаты толық қалыптасты деп айта аламын», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті егемендігіміздің алғашқы жылдарында елімізде аумақтық тұтастығымыз бен ұлттық тәуелсіздігімізді сақтап, қауіпсіздігіміздің берік кепілін қалыптастыра алғанымызды атап өтті.
«Қазіргі кезде Астана халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы болып саналады және әлемдегі стратегиялық тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету ісіне зор үлес қосып келеді», – деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстанның өңірлік экономикалық интеграция мен кооперация аясында түрлі жобаның бастамашысы болып саналатынын айтты.
«Жалпы, Қазақстанда жүргізіліп жатқан көпвекторлы сыртқы саясат пен еліміздің халықаралық бастамалары әлемде кең қолдауға және танымалдылыққа ие болды», – деп қорытындылады Нұрсұлтан Назарбаев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»