- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Астананың жасыл белдеуінде болды (ФОТО)
Мемлекет басшысы Астананың жасыл белдеуінде болды (ФОТО)
«Жыл сайын елорда аймағындағы орманды дамыту бойынша тапсырмам қалай жүзеге асырылып жатқанын бақылаймын. Осыған дейін жас отырғызылымдарды батыстық тараптан байқайтынбыз, қазір ол шығысқа бет алып барады. Бұрындары ағаштардың әртүрлі тұқымдары болатын, орта беткейінде: қарағай, ақ қайың, тау шыршасы орналасқан. Соңғы 10 жылда қарағайлар бой түзеп қалғанын, байқадыңыздар. Орман өзін-өзі қалыптастырып жатыр», - деді Елбасы.
Президенттің айтуынша, Астана маңы мен Бурабай орманына қатысты жұмыс аяқталды.
«Қазір біздің мақсатымыз орман ішінде асыл тұқымды ағаштарды отырғызып, құлап қалған талдарды қалпына келтіру. Сондай-ақ, қала сыртындағы 80 мың гектар ағашты көтеру. 25 жыл ішінде орман алқабы ұлғайды. Енді демалыс орны ретінде 20 шақырым велосипед жолдары пайда болады. Ең бастысы – еліміздің «өкпесі». Біз болашақ ұрпақ үшін қаланы салып жатырмыз. Бұл ұрпағымызға қалдыратын басты мұра болмақ», - деді Н.Назарбаев.
ҚР Президенті тұрғындарды Астана күнімен құттықтап, елордада жаңа ботаникалық бақша болатынын айтты.
«Алда келе жатқан Астана күнімен құттықтаймын. Қаланың іші ғана емес, жан-жағы да керемет. Астананың ішінде 15 мың ағаш отырғызылды. Енді Ботаникалық бақша мен саябақтар салынады. Біздің қаламыздың әсемдігін паш ете алу керек. Қазір ЭКСПО-2017, біз жасыл энергетиканы дамытып жатырмыз», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы айтып өткендей, барлық тұрғындар Астана аймағындағы жасыл белдеуді қорғауы керек.
«Орманды жақсартып, табиғат пен адамдарға қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Табиғатты адам қастерлеуі керек», - деді Елбасы.
Айта кетейік, жасыл белдеудегі жұмысты 2020 жылға дейін жүргізу жоспарланған.
Ақбота Күзекбай
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары