- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл 15,5 мың қызылордалық жұмыспен қамтуда мемлекет көмегіне жүгінді
Биыл 15,5 мың қызылордалық жұмыспен қамтуда мемлекет көмегіне жүгінді
Қызылорда облысының әкімдігі хабарлағандай, жәрдемге мұқтаждардың қатарынан 11,1 мың азаматқа (71,6%) мемлекеттік Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында жұмысқа орналастыруға ықпал ету шаралары көрсетілген. Оның ішінде 5,3 мың адам немесе 47,8%-ы тұрақты еңбекпен қамтылған.
Бағдарлама қатысушыларын техникалық-кәсіби біліммен және қысқа мерзімді кәсіби оқумен қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылы, техникалық және кәсіби білім бағытында 1 515 адам көлемінде кадр даярлау әрі 3 518 адам тұрғысында қысқа аралықтағы оқыту ұйымдастыру жоспарланған.
Облыста қажеттілік бар 30 жұмысшы мамандық пен кәсіпке оқыту жөнінде 20 колледж бен кәсіптік мектеп белгіленген. Барлығы, Қызылорда облысында, жедел топтардың іс-қимылы нәтижесінде Бірыңғай ұлттық тестілеуден өте алмаған, сондай-ақ, кәсіби білімі жоқ жастар санатынан 1,5 мыңға жуық жан назарға іліккен. Олар оқу сабақтарын үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде бастамақ.
Аумақтық жұмыспен қамту орталықтары арқылы 505 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғызып, жастар тәжірибесіне 905 оқу орны түлегін жіберу жоспарланып отыр. Биылғы 22 маусымға қарағанда облыста 584 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылып, жастар тәжірибесіне 849 адам жолданған.
Жаппай кәсіпкерлікті өркендетуді мемлекеттік демеу шеңберінде, 24 маусымға дейін Қызылорда облысында 16 шағын несие берілген.
Кәсібін енді қолға алған адамдар үшін, “Бастау-бизнес” жобасы аясында, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізілуде. Бүгінде жобада 394 адам қамтылып (жоспардағы 937 адамнан 43%), олардың барлығы айлық оқыту курстарын тәмамдады.
Ел бойынша “Бизнес-Бастау” жобасында 5,9 мың адамның 5,5 мыңы оқуын аяқтады.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми дерегінше, биылғы 1-ші тоқсанның қорытындысында, Қызылорда облысындағы жұмыс күшінің (халықтың экономикалық белсенді тобының) саны 331,4 мың адамды межеледі.
Жұмыспен қамтылған халық саны 315,5 мың адамды байқатса, оның 112,1 мыңы өзін жұмыспен қамтыған болып есептеледі.
Сәйкес мерзімдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8% болса, жастар арасында (15-28 жас шегі) 3,2%-ды төңіректеуде.
Осымен бірге, 2017 жылдың басымен салыстырғанда, жалдамалы жұмысшылар саны 3,5 мың адамға азайған.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, биылғы 1 маусымда жұмыспен қамту орталықтарына 5,5 мың адам тіркелген.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары