- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада робототехника бойынша жарыс өтуде
Астанада робототехника бойынша жарыс өтуде
Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 150 команда қатысуда. Чемпионатқа 300-ге жуық қатысушы келді. Ең үлкен делегация Алматыдан келген. Павлодардан келген ең жас қатысушы 8 жаста. Сондай-ақ биыл жарысқа Өзбекстан да қатысуда.
«Қазақстандағы робототехника болашақта дами түседі деп ойлаймын. Себебі адамдар үлкен қызығушылық танытуда және елімізде өте жақсы жаттықтырушылар құрамы даярланған. Робототехника бойынша жарыстар өңірлерде де өткізіле бастады», – деп атап өтті "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ басқарма төрағасы Күләш Шамшидинова.
Ұлттық сайыстар мен оқу-жаттығу жиындарының қорытындылары бойынша Қазақстанның ұлттық құрама командасы құрылып, 2017 жылғы қарашада Коста-Рикада Қазақстанның абыройын қорғамақ.
Чемпионат НЗМ базасында осымен үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр, биылғы тақырып - "Тұрақты даму".
Еске сала кетейік, 2014 жылы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ WRO ережелері бойынша Қазақстанның робототехника бойынша ұлттық үйлестірушісі мәртебесіне ие болған.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты -
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында -
Елорданың санитарлық дәрігері: CОVІD-19 бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз -
Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді