- Басты
- Жаңалықтар
- Қазығұрт ауданында таңқурай өсіру ісі жанданып келеді
Қазығұрт ауданында таңқурай өсіру ісі жанданып келеді
«Қазығұрт ауданы таулы өңір болғандықтан таңқурай өсіруге өте қолайлы. Сондықтан алдағы жылдары мұнда таңқурай егістік көлемін ұлғайту қажет. Ең бастысы – білікті бағбандардың тәжірибесін жұртпен бөлісіп, таңқурай өсіремін деушілердің басын біріктірген жөн», - деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрт ауданына жасаған жұмыс сапары барысында.
Қазығұрт ауданы Жіңішке ауыл округіндегі «Нұр-Айдар» шаруа қожалығы 3 жылдан бері таңқурай өсіріп келеді. Алғашында үй іргелік 7 соттық жерге таңқурай егіп дағдыланған Еркін Шерәлиев бүгінде нағыз білгір маманға айналған. Қазір ол 3 гектар жерді 49 жылға жалға алып, күніне 200 келі таңқурай жинауда.
«Таңқурайдың келісін 700 теңгеден сатып жатырмыз. Бұл жеміс дақылың әр түбі 2-3 келіден өнім береді. Ал маусымында 1 гектардан 12 тоннаға дейін жеміс жинауға болады. Жиын –терім жұмыстарына 20-ға жуық ауыл тұрғындары тартылып, әр қайсысына күніне бір келі терсе 150 теңгеден ақы төлеп жатырмыз. Жұмысшылардың тамағы тегін. Мұндағы жұмысшылар күніне орта есеппен 2000-3000 теңгенің көлемінде ақша табады»,- дейді қожалық төрағасы Еркін Шерәлиев.
Негізінен таңқурай бұталы көпжылдық өсімдік саналады. Жабайы түрде азғана болса да көлеңкелі жерде жақсы өседі. Осыны ескерген қожалық ауыл іргесіндегі қыратты аумақта арнайы таңдапты. Қожалық алдағы уақытта жеміс көлемін 1,5 гектарға ұлғайтамын деп отыр. Шаруаның жұмыс жоспарына разы болған облыс әкімі аудан басшылығына Қазығұрт ауданындағы таулы ауыл окруктерінде таңқурай плантацияларын ұлғайтуды тапсырды.
«Біз осындай іскер әрі бағбан азаматтарымызды қолдауымыз қажет. «Нұр-Айдар» шаруа қожалығының тәжірибесін пайдаланып, ауданда таңқурай өсіру ісін жандандыру қажет. Тіпті осы қожалық өзге шаруалардың басын қосып, кооператив құруына көмектесуіміз керек»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
ДСМ: Елдегі эпидахуал тұрақталып келеді -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады