- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтті
СҚО-да Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтті
29 маусым мен 1 шілде аралығы Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтіп, бұл уақыт аралығында облыс халқы министрлік басшыларынан тікелей кеңес ала алды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, мұндай шаралар аумақтық жұмыспен қамту орталықтарына ақпараттық-насихаттық жұмысты ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсетуге жол ашады.
“Бұл бірінші кезекте, жасы мен басқа да себептерге байланысты онлайн-ресурстардағы қызметтер мен ақпаратқа қол жеткізе алмайтын азаматтарымызға қатысты маңызды дүние болып отыр”, - дейді Тамара Дүйсенова.
Азаматтармен кездесулерде зейнетақы мен жәрдемақыны біртіндеп көтеру, базалық зейнетақыны тағайындаудағы жаңа тәсіл ерекшелігі мәселелері жөнінде егжей-тегжейлі мәліметтер ұсынылатын болады. Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы мүмкіндіктер көкжиегі өз алдына бөлек тарқатылады деп жоспарлануда.
1 шілде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен, жұмыс орындарын сақтау туралы қол қойылған меморандум қағидаларын сақтау жайлы жұмыс берушілермен, “Е-Халық” бағдарламасы аясында халыққа қызмет көрсету, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипатын енгізу, “Өрлеу” жобасы бағыттарына қатысты ауылдық округтер әкімдерімен кездесулер өткізіледі.
Мүгедектер құқығын қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және нысандарды мүгедектерге қолжетімді болатындай бейімдеу түйткілдері де мұқият сараланбақ. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдармен және белсенді қоғамдық бірлестіктермен жүздесу кезінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы талқыланбақ.
Бұдан тыс, министрдің Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарын аралап, жергілікті тұрғындардың мәселесін шешуде жастармен және ауылдық округтер активтері өкілдерімен кездесетіні көзделуде.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығы, еңбек заңнамасындағы қазақстандықтардың құқығы мен мемлекет тарапынан берілетін саналуан көмек түрлерін алу мүмкіндіктері жайлы өзекті мәліметтерді жеткізу мақсатында, өңірлерде қабылдаулар жүргізуді ұйғаруда. Сондықтан тиісті Министрлік күндері еліміздің барлық облысында өтпек.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар