- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның стартапшылары 1 млн доллар ұтып ала алады
Қазақстанның стартапшылары 1 млн доллар ұтып ала алады
Қазақстанда осымен екінші рет нарықтық экономиканы дамыту мен өз ісін жаңа бастап отырған жас кәсіпкерлерді баулитын дүниежүзілік Seedstars World стартаптар байқауы өтеді. Басты серіктестермен бірге – ЭКСПО-2017 көрмесінде Швейцария павильоны және «Бизнес-инкубатор MOST» компаниясы біріге отырып - 2017ж. 8 шілдеде Seedstars World байқауының тұсаукесерін өткізеді.
Бүгінде басты миссия кәсіпкерлердің назарын нарықтық экономикасы дамушы елдерге қарай аудару болып отыр, үстіміздегі жылы Seedstars World мұндай іс-шараны әлемнің 70-тен астам елінде өткізбекші, ондағы мақсат қаржыландырудың бастапқы кезеңінде тұрған ең үздік деген кәсіпкерлерді анықтау және миллион долларға дейінгі жүлдені ұтып алуға, сонымен қатар әлем инвесторларымен және тәлімгерлерімен байланыс орнатуға мүмкіндік туғызу. Байқаудың бұған дейінгі қатысушылары өз капиталын жалпы сомасы 61 миллион долларға дейін арттыруға мүмкіндік алған және 800 қызметкерді жұмыспен қамтыған.
Астанадағы Seedstars шарасындағы питч үшін таңдап алынатын компаниялардың құрылған уақыты 2 жылдан артық болмауы тиіс, тартқан инвестицияларының көлемі 500000 АҚШ долларынан аспауы тиіс, сондай-ақ белгілі бір нәтижесі бар, аз да болса өміршең өнімі болуы тиіс. Seedstars World командасының тағы бір қосымша критериі – стартаптың аймақтық және жаһандық масштабы. BBVA, Merck, Enel, Trecc, Standard Bank және Deloitte сынды халықаралық серіктестермен бірге Seedstars World компаниясы аймақтық мәселелерді шеше алатын, әлемдік нарық үшін тиімді өнімді бере алатын ақылды стартаптарды, олардың аймақтық кәсіпорындарын қолдау және дамыту үшін іздейді.
«Seedstars World – Силиконды алқап пен Батыс Еуропаның назарын аударатын алатын енді пайда болған кәсіпкерлердің жаңа буыны мен инвесторлардың басын біріктіретін алаң. Бұл шараны Астанада ұйымдастырып отырғанымызға қуаныштымыз, өйткені ол қалаларыңызда екінші рет өткізілмекші, жоғары көрсеткіштен үміттіміз. Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан экожүйе стартаптары жайлы көп естідік. Енді біз соған көзімізді жеткізу үшін осында келіп отырмыз», - деді Seedstars World компаниясының бас операциялар директоры Катарина Сзуленёва.
Жергілікті кәсіпкерлерге осындай жақсы мүмкіндікті беру және шараны тиісті деңгейде өткізу мақсатында Seedstars World осы бастаманы жыл бойы алға тартып кел жатқан МОСТ бизнес-инкубаторымен тығыз қарым-қатынаста.
«Seesdstars бізді әлемдік нарыққа шығара алатын мықты серіктестердің бірі екенін былтырдан дәлелдеген. Ұйым әлемнің 60-тан астам елінде танымал. Соңғы форум МОСТ бизнес-инкубаторы үшін шынымен өте пайдалы болды. Қазақстандық стартап байқауға қатысып, одан әрі қанат жаюы үшін өзіне серіктестер тапты. Seedstars жергілікті экожүйені дамытуға қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп отырғанына ризамыз. Біздің мақсатымыз - Наша цель – Seedstars компаниясымен ынтымақтастықта әлемдік нарықтағы Қазақстанның әлеуентін нығайту», - деп түсіндірді тең құрылтайшы және МОСТ бизнес-инкубаторы компаниясының Бас атқарушы директоры Павел Коктышев.
Қайрат Жандыбаев
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ»