- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда медициналық қызметтерді сатып алудың жаңа ережесі таныстырылды
Алматыда медициналық қызметтерді сатып алудың жаңа ережесі таныстырылды
ДСМ хабарлағандай, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде денсаулық субъектілерінен қызмет түрлерін сатып алу ережесі әзірленді. Қазіргі таңда тиісті бұйрық жобасы талқыланып, келісіліп жатыр.
Министрдің пікірінше, жаңа ережелер бизнес субъектілерінің кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде қызмет көрсету тәртібін жеңілдетеді. Мәселен, денсаулық сақтау нысандарынан талап етілетін құжаттар 22 пайызға, ал, бастапқы медициналық құжаттама формалары 30 пайызға қысқартылды, деді ведомство басшысы.
«Бүгін сіздерге таныстырылып отырған ережелер медициналық қызметтерді сатып алудың қолданыстағы тәртібін өзгертуге бағытталған. Өзгерістердің дені сатып алу процесінің төрт аспектісіне қатысты. Атап айтқанда, сатып алуды жоспарлау, жеткізуші компанияларды іріктеу, келісімшарттардың орындалу барысын бақылау және медицина мекемелеріне көрсетілген қызмет ақысын төлеу тәртібіне өзгерістер енгізілмек», - деді Қор төрағасы Елена Бахмутова.
Айтуынша, ұсынылып отырған ережелердің артықшылықтары көп. Мысалы, негізгі процестер автоматтандырылып, нәтижесінде жеткізуші компанияларды таңдау процедурасының ашықтығы қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, ереже сапалы медициналық көмектің жұртшылық үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге, пациенттерге қызмет көрсететін медицина мекемелерінің тізімін кеңейтуге, денсаулық сақтау субъектілерінің жүйеде жұмыс істеуіне кедергі келтіретін тосқауылдарды төмендетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, кездесуде міндетті медициналық сақтандыру заңы нормаларын қолданысқа енгізуге қатысты мәселелер де талқыланды.
Бұған дейін хабарланғандай, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң күшіне енеді. Заң талаптары бойынша ең алдымен сақтандыру жарнасын жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейді. Жарна мөлшерін төмендету мақсатында заңға енгізілген түзетулер парламент тарапынан толық мақұлданып, күні кеше құжатқа мемлекет басшысы қол қойған болатын.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру