- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада PHOTOfest.kz халықаралық фотофестивалі ашылды (ФОТО)
Астанада PHOTOfest.kz халықаралық фотофестивалі ашылды (ФОТО)
Көрмеде 200-ге жуық жұмыс ұсынылған. Басты мақсат – Қазақстан тарихына кіретін Орталық Азиядағы ең ірі фотофестиваль ұйымдастыру. ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхаммедиұлы көрмеде болып, мұндай алғашқы фотокөрме дәстүрлі көрмеге айналуы тиіс екенін атап өтті.
«Біздің тарихымызды көрсететін тамаша фотографтардың, замандастарымыздың жиналғаны қуантады. Осы тамаша жұмыстардың авторларының арасында бұл дүниеден өткен тұлғалар да бар, алайда, олардың шығармашылығы сақталған. Бұл осындай ауқымдағы алғашқы фотокөрме, қатысушыларға сәттілік, еңбектеріне жеміс тілеймін», - деді министр.
«Арт-орталықтың» бас продюсері Андрей Базанов (Ресей) Астананың қаншалықты өзгергеніне таң қалды.
«Мен Қазақстанды және Астананы фотосуреттерден көрген болатынмын. Бар болғаны бірнеше сағат ішінде көргенім таң қалдырды. Қазақстанда Үкімет пен халықтың жасап жатқан орасан зор жұмыстары үлкен әсер қалдырды. Екіншіден, мені таң қалдырғаны – жолдардың кеңдігі. Болашағы бар ел фотографтар, қонақтар және тұрғындар үшін үнемі қызықты болады», - деді Андрей Базанов.
Фотофестивальға қатысушылар еліміздің ең әдемі жерлерін түсіріп алу мақсатында Бурабай, Қорғалжын, Баянауыл, Ұлытау, Отырар, Шарын, Шымбұлақ сияқты көрікті жерлерде болып қайтпақ.
Ақбота Күзекбай
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды