- Басты
- Жаңалықтар
- Парламенттік ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне қол жеткізілді – С.Громов
Парламенттік ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне қол жеткізілді – С.Громов
Іс-шара Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов пен Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасының орынбасары Ильяс Умаханов төрағалық етті.
Комиссия екі елдің жоғары заң шығарушы органдарының жоғарғы палаталары арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімнің негізінде әрекет етеді. Кеңесті аша отырып, Сергей Громов Комиссияның соңғы тоғыз жылдағы отырыстары өзінің тиімділігін көрсетті, деп атап өтті.
«Парламенттік ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне қол жеткізілді. Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында біздің елдеріміздің заңдарын үйлестіру мақсатында ауқымды істер атқарылды, - деді Сенаты Төрағасының орынбасары.
Отырыстың күн тәртібі аясында Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы трансшекаралық аймақтардың (Атырау облысы мен Астрахань облысының) дамуы, трансшекаралық Орал өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мен білім саласындағы ынтымақтастық мәселелелері талқыланды.
Сонымен қатар, парламентшілер Комиссиясының 2016 жылғы 25 қарашада Санкт-Петербург қаласында өткен тоғызыншы отырысы шешімдерінің іске асуы барысын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның он бірінші сессиясының дайындық мәселелерін қарады.
Қазақстан тарапынан комиссияның жұмысына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, сенаторлар: Сергей Плотников, Серік Бектұрғанов, Сәрсенбай Еңсегенов, Жеңіс Нұрғалиев, Ольга Перепечина, сондай-ақ, энергетика, білім және ғылым министрліктерінің өкілдері қатысты. Комиссияның келесі кезекті, он бірінші отырысы Ресейде өтетін болып жоспарланған.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары