Бақытжан Сағынтаев цифрлық экономика мәселелері жөнінде кеңес өткізді

1 Шілде, 2017 14:27
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев цифрлық экономика мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Кеңес барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасында ұсынылған экономиканы цифрландыру бойынша тәсілдер талқыланды, сондай-ақ оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті қамтамасыз ету және ІТ-салаға арналған білікті кадрлар даярлау мәселелері қаралды.  

 

 

Барлық жаңалықтар