Х.Мажиева: Астана – күллі әлемге үлгі

1 Шілде, 2017 15:52
Швециядағы «Абай» қазақ мәдениеті орталығы төрағасының орынбасары Хабира Мажиева Астана күнімен елорда тұрғындарын құттықтап, өз ұйымының қызметі туралы «Strategy2050.kz» АА тілшісіне кейінен әңгімелеп берді.

«Мен Астана тұрғындарын Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын. Астана – күллі әлемге үлгі.  Ал аз уақыттың ішінде заманауи қала ретінде қалыптасты.  Астана – жарқын, әдемі, әсем қала. Ол барша қазақстандықтардың және әлемнің түкпір-түкпірінде жүрге өзге де қазақтардың, жалпы баршамыздың мақтанышымыз.  Біз Қазақстан туралы, Астана туралы әрқашан мақтанышпен айтамыз, ол әлемдегі ең жас, әрі әдемі қала», - деп ағынан жарылды Х. Мажиева. 

Хабира Мажиева Астанаға Стокгольмнен келді.  Қазақ мәдени орталығы Стокгольмдегі жұмысын осыдан алты жыл бұрын бастаған. Х. Мажиеваның айтуынша, қазақ мәдениеті орталығы Швециядағы барлық ұйымдармен ынтымақтастық орнатқан.

«Жыл сайын белсенді түрде дәстүрлі шараларымызды өткіземіз. Мысалы, Наурыз өткіземіз, оған түрлі ұлт өкілдерін, тіпті швециялық мемлекеттік органдар өкілдерін шақырамыз. Оның маңыздылығы, ол қазақтардың бір-бірімен танысуы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдар өклідерімен байланыс орнатуда», - деді ол.  

Спикердің айтуынша, ол Швецияда 10 жыл бойы өмір сүріп келеді.  Алайда жыл сайын Қазақстанға келіп тұрады.

«Мен V Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайына әдейілеп келдім.  Сонымен қатар, елордамызда өткізіліп жатқан түрлі шараларға қатысуға мүмкіндік алдым.  Мұнда қандастарыңмен қатар өзге деұлт өкілдерімен кездесуге мүмкіндік алғаныма қуаныштымын.  Идеялар мен ұсыныстар өте көп. Оларды Швецияда жүзеге асыратын боламыз.  Мен жыл сайын туғанн үйіме келуге тырысамын, әр келген сайын қанаттанып қайтамын», - деді Х. Мажиева.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар