- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімдігі әлеуметтік маңызы бар сауда өнімінің бағасын реттеуде
Астана әкімдігі әлеуметтік маңызы бар сауда өнімінің бағасын реттеуде
Бақылау барысында азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне барлық баға деңгейіне қадағалау жасалынады.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысымен келісімшарт бойынша алдағы уақытта өтетін жәрмеңкеде келісі 230 теңгеге 20 тонна қант сатылымға қойылады. Айта кеткен жөн, бұл "Шапағат" базарында келісі 270 теңгеден сатылатын қант 15%-ға төмен болмақ. Қалада "Баxус" сауда маркетінде қанттың келісі 319 теңгеден болса, " Рамстор" мен "Магнумда" 260 теңгеден.
Сондай-ақ азық-түлік бағасын қымбаттатпай, тұрақтандыру үшін СПК "Astana" 300 млн теңге мөлшерінде (150 теңгеден әрқайсысына) "Кеңмарт" және "Астықжан" сауда дүкендеріне несие берді. Бүгінгі күні бұл нысандар ағымдағы жылдың соңына дейін азық-түліктің 9 түрі бойынша 49 аталымына өз бағаларын қойды. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде сондай-ақ жыл соңына дейін "Шапағат" әкімшілік базары ірі отандық кәсіпорындармен ет өнімдерін үзіліссіз, тұрақты түрде жеткізу туралы келісімшартқа отырды.
Ет өнімінің жоғары сапасына баға 1350 теңге (1 келі) сомасында тұрақтандырылды. Көрме кезінде өнімді жеткізуде қиындықтар тумас үшін азық-түлік тауарларының резервін құру туралы қаланың ірі делдал фирмаларымен келісім жасалды. 2017 жылдың 5 айы бойынша қала бойынша инфляция 103% құрады, азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарларға жалпыреспубликалық деңгейден 0,3% төмен.
Бақылаудың нәтижесі бойынша жыл басынан азық-түліктің 4 түріне баға өсімі байқалады: картоп (104,4%), пияз (81,2%), сәбіз (68,7%),қырыққабат (62,2%).Сондай-ақ өнімнің 4 түрі бойынша баға төмендеген: қарақұмық, күріш, жұмыртқа, сұйық май.
Бағаның өсуі тауарөндірушілердің бағаны өздері қоюына байланысты болып отыр. Статистикаға сәйкес, бір апта ішінде картоп бағасы Ақмола облысында 3.3%-%-ға, сәбіз ОҚО-да 7,9%, Павлодар облысында 4,2%-ға өскен, қырыққабат Ақмола облысында 4,5%-ға баға көтерілген, ол Астанада өнімдердің бағасының көтерілуіне септігін тигізген. Бүгінде қалада 45 мың тонна көлемінде бір айға жететін азық-түлік өнімі бар.
19 наурыздан бастап 28 жәрмеңке ұйымдастырылып, өткен, онда 60 мың тонна азық-түлік өнімі сатылған. Оған қоса 18 өңіраралық (Жамбыл облысы, ОҚО, БҚО, Атырау, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстары) жәрмеңке өткен.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары