- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет Жезқазған өңірін дамытудың кешенді жоспарын қабылдады
Үкімет Жезқазған өңірін дамытудың кешенді жоспарын қабылдады
«Бүгінде Елбасы тапсырмасы бойынша 2011 жылы қабылданған Жезқазған өңірін дамытудың кешенді жоспарын қайта жандандыру қажеттілігі туындап отыр. Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың жаңа кешенді жоспарының жобасы барлық мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен келісілді», - ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев.
Қолданыстағы кешенді жоспарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп отыр.
«Біріншіден, Жезқазған өңіріндегі кейбір нысандарды салу және олардың құрылысын көшіруді мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру бойынша іс-шаралар енгізілген. Жер телімдерін тәркілеу қолданыстағы заңнамаға сай жүргізіледі. Екіншіден, «Қазақмыс» кен орындарының жезқазғандық рудасын төмен рентабельді санатқа жатқызу бойынша іс-шаралар енгізілді», - деп толықтырды Б.Жәмішев.
Жалпы алғанда, кешенді іс-жоспарда 88 іс-шара енгізілген. Қаржыландыру көлемі 351,5 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 169 млрд теңге, жергілікті 21 млрд теңге және бюджеттен тыс 160 млрд теңге қарастырылған. Жоспарды іске асыру мерзімі 2020 жылға дейін ұзартылған.
«Бұл минералды шикізаттық ресурстарға бай өңір. Бұл кешенді жоспар тек экономиканы әртараптандыруға ғана емес, өнеркәсіптік кәсіпорындарды модернизациялауға міндетті. Бірінші кезекте, бұл «Қазақмыс» корпорациясы. Бұл жоспарда қосымша минералды шикізатты барлауға үлкен көңіл бөлінген. «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы-2020», «Моноқалаларды дамыту» бағдарламалары арқылы бұл моноқалалардың экономикасын әртараптандыру қажет, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілуі тиіс. Бұл өте маңызды», - деді Премьер-министр Серік Ахметов.
-
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім -
Мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы: жаңа құндылықтар мен цифрлық сервис -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту шаралары: Еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады -
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева -
Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес сектордың рөлі -
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады -
Үкімет: 2020 жылы әлеуметтік саланы тұрақтандыруға бағытталған шаралар