- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада 2017 жылы 8139 жер телімін табыстау жоспарлануда
Қызылордада 2017 жылы 8139 жер телімін табыстау жоспарлануда
Өткен жылы Қызылорда-Жезқазған күре жолы бойынан ашылған «Бәйтерек» ауданында жеке тұрғын үй құрылысы үшін 5215 учаске қаралған, қазіргі таңда кезекте тұрған 4507 азаматтардың құжаттары алынып, барлығына оң қорытынды қабылданды, оның ішінде 2745 учаске табысталды. «Бәйтерек» тұрғын ауданынан жерлерді табыстау 2017 жылы толық аяқтау жоспарлануда (2470 учаске).
«Жалпы жеке тұрғын үй құрылысы үшін облыс бойынша 2005 жылдан бері халықтан 110526 арыз түскен, оның 25958-і қанағаттандырылған. Бүгінгі күнге 83049 өтінім заңдылықтарға сәйкес арнайы есепке қойылып отыр. Арнайы есепке алынған өтінімдер тізімі жариялылықты, халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудандар (қала) әкімдерінің веб-сайттарында орналастырылған. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін арнайы кезекке қойылған арыздардың басым бөлігі облыс орталығына тиесілі – 53203 арыз. Жалпы 2005 жылдан бері Қызылорда қаласы бойынша тіркелген арыздардың саны 68808 құрайды, оның 15605 қанағаттандырылды, - делінген Қызылорда қаласы әкімдігінің хабарламасында.
2017 жылы жалпы облыс бойынша 8139 жер телімін табыстау жоспарлануда (жалпы кезекте тұрған өтініштердің 10 %), оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша – 4491, ал аудандарда – 3648 учаске.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Абай жылының айшықты тұстары -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам»