- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жолаушылар вагондары жаңартылуда
Қазақстанда жолаушылар вагондары жаңартылуда
Атап айтқанда, №75/76 Қызылорда – Петропавл бағытындағы поезд құрамы 56%-ға немесе 13 ресейлік плацкарт вагондарымен жаңартылды.
Сонымен қатар, № 621/622 Қостанай – Арқалық және № 327/328 Қостанай – Қарағанды бағыттарындағы поездар құрамында жүріп тұратын жолаушылар вагондары паркінің 50% немесе 12 бірлігі жаңартылды.
Жаңарту іс-шаралары ертеректе жолаушылар тарапынан көптеген шағымдар түскен № 43/44 Қостанай – Алматы бағытындағы поезында қарастырылған. Яғни, поезд құрамы 14 плацкарт вагондарымен жаңартылған және 2017 жылдың аяғына дейін тағы 6 жаңа вагонмен толықтырылатын болады.
Сонымен бірге, № 307/308 Астана – Жезқазған және № 55/56 Көкшетау – Қызылорда бағыттарындағы поездар құрамдарын 10 купе және плацкарт вагондарымен ішінара жаңарту күтілуде.
Жаңа вагондар қадағалау, диагностика және вагонды басқару жүйесімен, ауа салқындатқышпен, вакуумдық био дәретханалармен, өрт сөндіру жүйесімен, тоңазытқыш және микротолқынды пешпен жабдықталған. Сонымен қатар жолаушылардың ыңғайлылығы үшін жеке электр қуаттағыш көздері қарастырылған.
Жолаушылар вагондарын кезеңді жаңарту шаралары алдағы жылдары жалғасатын болады. Бұл өз кезегінде қазақстандық жолаушы вагондары паркінің тозу деңгейін төмендетуге және халыққа теміржол көлігімен қолайлы жүріп-тұруына мүмкіндік береді.
Айта кетейік, 2016 жылы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік субсидиялау механизмін өзгертуді көздейтін Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, жолаушылар вагондары паркін жаңартуға инвестициялар тартуға заңнамалық негіз пайда болды.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады