- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев сайланған сенаторлармен кездесті
Қ.Тоқаев сайланған сенаторлармен кездесті
Қ.Тоқаев аймақтардағы мәслихат депутаттары мен халықтың оларға көрсеткен сенімнің жоғары деңгейін атап өтіп, Сенаттың жаңа мүшелерін құттықтады. Спикер олардың түрлі салалардағы еңбектері барысында жинақтаған мол тәжірибелері Парламентте табысты қызмет етуінің кепілі боларына сенім білдірді.
«Келесі сессияда алдымызда қауырт жұмыстар күтіп тұр. Ең алдымен, Елбасының саясатын заңнамалық тұрғыдан қолдау және жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан кешенді жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Жалпы, бүгінгі күні Парламент қарауында 30-ға жуық заң жобасы бар»,- деп атап өтті Қ.Тоқаев.
Сенат Төрағасы жаңа депутаттарды Палата жұмысының ерекшеліктері туралы хабардар етті және Палатаның келесі сессиясының кезекті отырысында Парламент пен Сенат Регламентіне түзетулер енгізілуі күтіліп отырғанын еске салды. Сол күні Қ.Тоқаев өкілеттілік мерзімі аяқталған сенаторлармен кездесті.
Спикер, заң шығару қызметіне үлкен үлес қосқаны, ел өміріндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерге белсенді қатысқаны үшін парламентшілерге алғысын білдірді. Кездесу соңында олар Сенат Төрағасының Алғыс хатымен және Сенаттың Құрмет грамотасымен марапатталды.
-
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр -
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Жаңадан сайланған Сенат депутаттары төсбелгілерін алды -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті -
Сенат төрағасы АҚШ елшісімен кездесті -
Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті -
Қ.Тоқаев аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен кездесті -
Мемлекет басшысы Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесті -
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті -
Жамбыл облысының әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті