- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Мыңбай: Азия халықтарының ашықтығы АӨСШК кеңістігінде бейбітшілікті сақтау кепілі (ФОТО)
Д.Мыңбай: Азия халықтарының ашықтығы АӨСШК кеңістігінде бейбітшілікті сақтау кепілі (ФОТО)
АӨСШК елдерінің жыл сайын өткізілетін форумы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өткізілді, ал 2008 жылдан бастап ол дәстүрлі диалог алаңына айналды. Осы ретте, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай атап өткендей, аталмыш форум «Мәдени ашықтық – бейбітшілік пен келісімінің негізі» атауына ие болды.
«Аталмыш жиынның бұл атауы жайдан жай берілген жоқ. Мәдени ашықтық – адамдар мен халықтар арасында байланыс орнатуда маңызды шарт. Біздің форум этностар арасында түсіністікті қалыптастыруға, байланыс орнатуға және олардың мәдени ерекшеліктерін сақтап қалуға бағытталған», - деді Д. Мыңбай.
Дархан Мыңбай қатысушыларға АӨСШК-ке қатысушы елдер арасында мәдениет саласын барынша жарнамалау керектігін жеткізді.
«Мәдениет – ол халықтың рухын суреттейтін біртұстас рухани құрылым. Бүгінде, жаһандану жағдайында Азия халықтарының ашықтығы мен ішкі жаңаруға деген ұмтылысы АӨСШК кеңістігінде бейбітшілікті сақтау кепілі болып отыр»,- деп баса айтты төрағаның орынбасары.
Атап өтер болсақ, форум аясында ұйымның 25 жылдығына арналған «АӨСШК сәті» фото көрмесі ашылды.
АӨСШК (Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі) Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті, бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық форум болып табылады. Бүгінде АӨСШК құрамында жиырма алты мемлекет бар, олар құрлықтағы жердің 90%-ға жуық бөлігін алып отыр.
Ақбота Күзекбай
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Бірлік пен татулық – даму кепілі -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
AntikorLive: Азия Даму банкінің Серіктестерінің «қара тізімге» ену себебі айтылды