- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Байбек: Алматы көліктің емес, адамдардың қаласы
Б.Байбек: Алматы көліктің емес, адамдардың қаласы
VI Инновациялық форумның басты тақырыптары - Индустрия 4.0-діің концепциясы, сандық экономика және Smart City технологиясын енгізу.
Қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің сөзінде Мемлекет басшысының тұрақты қолдауы арқасында Тәуелсіздік жылдары Алматының шикізаттық емес экономикасы бар ірі мегаполиске айналғанын, бизнес пен жеке капитал қаласы әрі өңірлік индустриалды және инновациялық хаб екенін айтты.
«Бүгінгі күні нарықтағы жаһандық бәсеке барысында жетекші мегаполистер сервистік қаладан инновациялық смарт-ситиге өтуде. Smart Almaty концепциясына негізінен экономика, экология және қоғам мүдделерін теңестіру еніп отыр. Әлемдегі үздік тәжірибелер мен қала тұрғындарының талабы барысында біз басты бағыттарды анықтадық.IDC халықаралық компаниясымен бірге Алматыда «Ақылды қала» деңгейінде кешенді сараптама жүргіздік, нәтижесінде әлсіз аймақтар анықталды, сонымен қатар мәселелерді жүйелі түрде шешетін 7 базалық жоба жасалды. Дегенмен, біз тек сандық технологияны ғана енгізуді мақсат етпейміз. «Ақылды қала» – түрлі ұтымды технология және бұқара мен биліктің өзара түсіністік мәдениеті. Технология – бұл басқару процесстері арасындағы ынтымақтастықты жақсарту, тиімділікті арттыру. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес»,-деген еді. Сондықтан біз өзгерістерге, түрлі креативті идеяларды енгізуге, осы жолда бірігіп алға жылжуға дайынбыз», - деді мегаполис басшысы.
Қалада ауқымды көлік реформасы да жалғасын табуда. Тасымалдың ашықтығын қамтамасыз ету үшін көліктің ақы төлеу картасы енгізілді, осындай 1,3 млн. карта сатылды, бұл халықтың 70%-ы.Көлік қозғалысы бөлігін жеңілдету мақсатында инновациялық паркоматтар орнатылды.. Systra халықаралық кеңесшілерімен бірге жол қозғалысын кешенді өзгерту жүйесі қолға алынды, айрықша жолақтар пайда болды, биыл олардың ұзындығы 92 килеметрге жетеді. BRT құрылысы басталды, жаңа қолайлы автобустар сатып алынды. Орбитадан Көкбазарға дейін ұзындығы 21 км болатын велодәліз жасалады, велсипедті жалға беретін Almaty Bike жүйесі жұмыс істеуде, қазір мұндай 50 бекет бар, қазан айының соңына дейін олардың саны 150-ге жетеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек