- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат депутаттары тіркелді
Сенат депутаттары тіркелді
«2017 жылғы 28 маусымдағы Ел Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 16 депутаты сайланды, яғни әр облыстан және Астана және Алматы қалаларынан бір-бірден. Аумақтық сайлау комиссиялары барлық қажетті іс-шараларды Ортсайлауком бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, сайлау заңнамасында белгіленген барлық рәсімдерді сақтай отырып өткізілді. Жалпы сайлау науқаны барысында 89 кандидат ұсынылды. Бюллетеньдерге 38 кандидаттың тегі енгізілді. Жалпы айтқанда сайлаушылардың келуі республика бойынша 98,5% құрады. Сондай-ақ сайлауда алғаш рет сайлаушыларды электронды тіркеу өткізілді» - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б. Имашев.
Сондай-ақ, ол аталмыш сайлауда алғаш рет сайлаушылардың электронды тіркеуі өткенін атап өтті.
«Сайлау кезеңінде сайтқа кірушілердің саны артты. Сайлау күні сайтқа 2249 бірегей пайдаланушы 16 елден кірген. Олар 93 мың рет парақшаларды қараған. Ресми БАҚ-тың электоральді компаниясы кезеңінде мыңдаған ақпараттық материалдар шықты. Халықаралық бақылаушылар Сенат сайлауына ерекше қызығушылық таныты. Сайлауды бақылауға 288 аккредиттелген халықаралық бақылаушы мен 116 шетелдік БАҚ келді», - деді ол.
Берік Имашев Сенат депутаттарының құрамы айтарлықтай жаңартылғанын атап өтті. 16 мандаттың ішінен 12 жаңа адам сайланды.Сайланған сенаторлар өңірлік деңгейде басшылық лауазымдарда мол кәсіби тәжірибесі бар, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен жақсы таныс.
Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында « 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы» қаулы қабылданды.
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек -
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды -
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады -
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады -
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді