- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкент МӨЗ Еуро-4 және Еуро-5 стандартындағы жанармай шығаруға көшті
Шымкент МӨЗ Еуро-4 және Еуро-5 стандартындағы жанармай шығаруға көшті
Нәтижесінде мұнай өңдеу тереңдігі 80 пайызға артып, өнім шығару көлемі жылына 6 млн тоннаға, жанармай өндірісі 3 есе көбейді.
Ең бастысы - жанармай сапасы Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық стандартына көшті.
«Елбасымыз халыққа арнаған Жолдауында елімізді өз мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету керектігін баса айтқан болатын. Осы тапсырмаға сай Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар "Үдемелі индустриялық-инновациялық даму" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Қазірде аталған бағдарламаның аясында Қазақстанның үш ірі мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін міне бірінші кезеңнің іске асуына куә болып отырмыз», - деді Жансейіт Түймебаев.
Сондай-ақ, қуаты жылына 1,5 млн. тонна дизель отынын гидротазалайтын және жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы іске қосылып жұмыс істей бастады. Айта кетейік, инновациялық тың технологиялар автоматты түрде басқарылады.
Сондай-ақ зауытта жылына 4 мың тонна күкірт шығарылады. Жыл сайын Шымкент мұнай өңдеу зауытынан ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарға 6 млн тоннаға жуық мұнай өнімдері тиеп жөнелтіледі.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар