- Басты
- Жаңалықтар
- «Оңтүстік» АИО Сарыағаш ауданындағы 1265 жобаны қаржыландырды
«Оңтүстік» АИО Сарыағаш ауданындағы 1265 жобаны қаржыландырды
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жүзеге асырылған жобалар аясында 1 710 жаңа жұмыс орындары ашылған.
Жергілікті БАҚ өкілдерімен ұйымдастырылған кезекті пресс-тур Сарыағаш ауданында өтті.
«ОҢТҮСТІК» АИО-нан 15 млн. тг несие алып, жұмысының тиімділігін арттырып отырған серіктестік элиталық көшеттерді отырғызу жəне көбейтумен айналысады. Алған қаржысына өнім сақтау қоймасын салып, кассетаға көшет отырғызу құрылғысы мен кассеталарын сатып алған. Қойманың сыйымдылығы 240 тонна. Көшет отырғызу аппараты күндігіне 3 гектар жерге қажет дәнді егіп үлгереді. Еуропадан әкелінген құрылғының әзірге облыста теңдесі жоқ. Бүгінде «Сарыағаш жер сиы» серіктестігі осы желіде қызмет жасау үшін 60-тан астам жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Қожалықта киви, банан, ананас сияқты субтропикті жемістер сонымен қатар жаңғақ, лимон, жүзімнің өте аз кездесетін сорттары көбейтіліп, көшеттер Алматы, Жамбыл, Қызылорда жəне Ақтөбе сияқты Қазақстанның бірқатар облыстарына жеткізіп берілуде.
Сонымен қатар, журналистер осы күні 2016 жылдың қараша айында «ОҢТҮСТІК» АИО-нан 63,5 млн. теңге көлемінде несие алып өз жұмысын бастаған «Сарыағаш-құс» ЖСШ-де болды.
Несиені өте орынды пайдаланған кәсіпкер қаражатқа 46 мың дана шөже, оларды өсіруге қажетті жабдықтар және витаминдер сатып алған. 165 күн күтіп бағудың арқасында шөжелер тауыққа айналып бүгінде күніне 41-42 мың жұмыртқа беріп отыр. Жұмыртқалар Сарыағаш ауданындағы дүкендерге таратылады. Серіктестікте 15 адам жұмыспен қамтылған.
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қалдықтарды энергияға айналдыру бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарлануда -
Мақтаарал ауданындағы апат салдарын жою жұмыстары қатаң бақылауда -
Қордай ауданындағы нысандарды қалпына келтіру жұмыстары тамыздың соңына дейін аяқталады -
А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
-
Сарыағаш ауданында арналар арқылы су беру қызметіне тарифтер төмендетілді -
Сарыағаштық шаруалар көршілес елдерге 500 тонна азық-түлік экспорттады -
Г.Бурибаева: 2019 жылы "Даму" қоры 85 мың жобаны қаржыландырды -
Сенаторлар Ақтоғай ауданындағы өндіріс нысандарын аралады -
Жобаның мән-маңызы – бірнеше адамды дүйім жұртқа үлгі ету – Е.Сапаров -
Ерекше театр: Жобаны жүзеге асыруға үш жыл уақыт кетті -
Биыл Қазақстан мен Қытай бірлескен 16 жобаны жүзеге асырды -
"Теңізшевройл" компаниясы мен ЕҚДБ бірлесіп 33 жобаны жүзеге асырды -
ТҰҚЖБ Қызылорда облысында әлеуметтік жобаны іске қосты -
Елбасы еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорнын цифрландыру жөнінде пилоттық жобаны іске асыруды тапсырды