- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан арқылы 5 ай ішінде 110 контейнерлік пойыз жөнелтілді
Қазақстан арқылы 5 ай ішінде 110 контейнерлік пойыз жөнелтілді
2016 жылы Чендудан Польша (Лодзь) бағдарына 160 контейнерлік пойыз жіберілсе, ол 2015 жылғы көрсеткіштен 2,6 есеге жоғары. Кері бағытта 85 пойыз жіберілді. Биылғы жылғы бес айда 110 пойыз жөнелтілді.
«Қазақстан темір жолы» АҚ хабарлағандай, қазіргі таңда Чендудан Қазақстан аумағы арқылы Германия, Нидерланды, Беларусь бағдарына және кері қарай пойыздар жіберілуде.
Кездесуде Еуропа, ТМД, Орталық Азия, Иран, Түркия бағдарына тасымалдау көлемін ұлғайту, сонымен қатар Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүк ағынын бағыттау көзделеді.
ҚХР сапары барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Ганьсу провинциясының губернаторының бірінші орынбасары Хуан Цянмен кездесті. Кездесу барысында «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылым әлеуетін халықаралық логистикалық және котнейнерлік тасымалдауда бірлесіп пайдалану жайы сөз болды.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портымен жылына 500 мың контейнер тасымалдауға болады. Ол өз кезегінде Еуразиялық өңірдегі логистикалық хаб ретінде Кеден Одағының 180 миллион адамдық нарығына қызмет көрсетеді.
«Біз АЭА Құрғақ портында жүктерді өңдеу, ресімдеу, қайта тиеу қызметтерін бір жерден атқару арқылы шекаралық операцияны барынша жеделдетеміз. Сонымен қатар Қазақстан аумағымен өтетін контейнерлік пойыздарды тәулігіне 1200 шақырым жылдамдықпен өткізілуде»,- дейді Қ. Алпысбаев.
ҚХР сапары соңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Sinotrans&CSC Holdings» компаниясымен контейнерлік пойыздар жасақтаудың стратегиялық серіктестігін орнату туралы Келісімге қол қойылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды