- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық студенттердің шәкіртақысына бөлінетін қаражат 13%-ға ұлғайтылмақ
Қазақстандық студенттердің шәкіртақысына бөлінетін қаражат 13%-ға ұлғайтылмақ
Ranking.kz деректері бойынша биылғы жылы ЖОО студенттерін шәкіртақымен қамтамасыз етуге мемлекеттік бюджеттен 56 млрд теңге бөлінеді. Өткен жылмен салыстырғанда қаражат көлемі 13%-ға ұлғаймақ – бір жыл бұрын 49,6 млрд теңге болған. Орта есепен бір шәкіртақы иесі үшін жылына 400 мың теңгеге жуық қаражат бөлінетін болады. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр кезеңінде шәкіртақыларға 22,2 млрд теңге бөлінген.
Елімізде білім беру гранттары мен мемлекеттік тапсырыстар есебінен 140,3 мың адам білім алуда, бұл барлық білім алушылардың 29,4%-ын құрайды. Қалған 70,6%-ы немесе 337 мың студент ақылы негізде білім алуда. Орта есеппен бір шәкіртақы иесіне жылына 399,2 мың теңге бюджет қаражаты бөлінеді – бір жыл бұрын 346,6 мың теңге бөлінген.
2016-2017 оқу жылында қаржылық қиындықтарға байланысты жоғары оқу орындарынан 17 мың студент, оның ішінде 11 мыңы жеке меншік жоғары оқу орындарынан шығып кеткен.
Бұдан бөлек, жеке меншік жоғары оқу орындарындағы шәкіртақыға ие студенттердің үлесі - 17%-ды, мемлекеттік жоо-да 44%-ды құрайтынын атап өткен жөн. Өткен оқу жылында жеке меншік жоо-лардағы шәкіртақы иелерінің үлесі азырақ болса (16%), мемлекеттік жоо-ларда, керісінше, көбейген (48%). Еліміздің 477 мың студентінің ішінен жеке меншік жоо-ларда - 254,4 мың адам (өткен оқу жылына +7%), мемлекеттік жоо-ларда 217,2 мың адам (+0,1%) білім алуда.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады