- Басты
- Жаңалықтар
- Жүрдек автобустар хабарламасы жобасының бірінші желісі 2016 аяқталады – И.Тасмағамбетов
Жүрдек автобустар хабарламасы жобасының бірінші желісі 2016 аяқталады – И.Тасмағамбетов
«Соңғы үш жылда қалада 330 км жол салынды және жөнделді. Шағын транспортты айналым құрылысы аясында 20,5 км жол, 4 транспорттық айналым, 3 жол өтпесі, 2 көпір салынды. 2013 жылы Қорғалжын көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі Бейсеков көшесі салынды. Осылайша қаладағы Сарыарқа мен Тұран көшелеріндегі транспорт ағымы күніне 30 мың көлікке дейін жетті», - деді әкім.
Оның айтуынша, аталмыш өзгертулер қоғамдық көлік жұмыстарын ұйымдастыруға да қатысты.
«Мәселе халықаралық қарды ұйымдарынан қарыз алу арқылы орындалатын жеңіл рельсті транспорттар жобасы жайында. Атап айтар болсақ, экономикалық және әлеуметтік тиімділіктерге сараптама жасай отырып жобаның келісімін жасаған Азия Даму банкінің қаржыландыруы қарастырылуда. Егер жеңіл рельсті транспорт желісінің бірінші кезеңі құрылысының 21 шақырымына шамамен 250 млрд теңге кетсе, арнайы белгілеген жолмен жүретін жүрдек автобус хабардамасы желісіне бар болғаны 85 млрд теңге шығындалады. Өздеріңіз көріп отырғандай екі жобаның айырмашылығы бақандай 1 млрд доллар», - деді қала басшысы.
Сондықтан да 2016 жылы бірінші кезеңін аяқтау жоспарланған жүрдек автобус хабарламасы байланысының жобасы қабылданды.
«63 км-ге созылатын жалпы жобаның аяқталуы қаланың қос жағалауын да қала іші бағытындағы қоғамдық көліктермен қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде қаланың көлік тығынын азайтуға да мүмкіндік береді», - деп түйіндеді ол.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
«Ашық» жобасының iске асырылуы -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер