- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысының әкімі МӘМС-ні түсіндіру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды
Павлодар облысының әкімі МӘМС-ні түсіндіру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды
Облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген аппарат кеңесінде денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Оразалин Нұрлан насихат жұмыстарының жүргізілуіне қарамастан тұрғындардың жаңа жүйеге деген көзқарасы теріс пікірде екендігін айтты.
«Бұл ең алдымен, ақпарат-насихат жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуіне байланысты, - деді Павлодар облысының әкімі. Біз мінедтті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің механизмі туралы аймақтың әр тұрғынына түсіндіруіміз керек», - деді ол.
Өкінішке қарай, қиындықтар мұнымен ғана шектелмейді екен. Қазіргі кезде, мамандар тұрғындардың тізімдерін өзектендірумен айналысып жатыр. 300 мыңға жуық МӘМС жүйесінің қатысушыларының ішінен 117 мың адамның мәртебесі айқындалған. Сонымен бірге, тұрғындардың біраз бөлігінің мәртебесін анықтау мүмкін емес.
«Олардың саны 1340 адамды құрайды.Үй басына жүргізілген тексеріс бойынша бұл адамдар қайтыс болған. Алайда, олардың өлімі ресми түрде тіркелмеген. Адам қайтыс болғаннан кейін туыстары оның өлімін тіркеулері керек болғанымен бұл іспен айналыспаған» - деді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Хелуа Кашкенова.
Болат Бақауов бұл жұмыс жергілікті әкімдердің міндеті және оны ең қысқа мерзім ішінде аяқтауды тапсырды. Аймақ басшысы жұмыс істейтін тұрғындар туралы деректер базасын шілденің 15-не дейін толықтыру жөнінде талап қойды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды