- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да егін ору науқаны басталды
ОҚО-да егін ору науқаны басталды
Қазығұрт ауданындағы «Айқожа» өндірістік коооперативіне қарасты егістік алқабына комбайндар түсіп, бидайдың алғашқы өнімі қамбаға жөнелтілді.
Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 218 мың гектар бидай егілген. Одан 401 мың тонна астық жиналады деген жоспар бар. Мәселен, бір ғана Қазығұрт ауданында 38 мың гектар алқапқа арпа-бидай егіліпті. Диқандар гектарына 25,4 центнерден өнім жинаймыз деп ниеттеніп отыр.
«Бүгінде біздің кооперативте жер көлемі 12700 гектарға жетіп отыр. Оның 6700 гектары тәлімді, 1000 гектары шабындық, қалғаны ауыспалы егіске жатады. Өткен жылы 1050 гектар бидай алқабынан 24 центнерден қамбаға 2520 тонна астық жинадық»,- дейді «Айқожа» өндірістік коооперативі төрағасының орынбасары Саян Батырбаев.
Қазіргі таңда мұнда орақ науқанында 30-ға жуық адам еңбек етіп жатыр. Жұмысшылардың орташа жалақасы 60 мың теңгеден жоғары. Кооперативте егін ору науқанына техника толығымен жеткілікті.
Жалпы, биылдың өзінде қазығұрттық астық егумен айналысатын қожалықтар 32 дана жаңа техникамен жабдықталыпты.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды