- Басты
- Жаңалықтар
- «Бітімгер: Сирия түйіні» кітабы жарыққа шықты
«Бітімгер: Сирия түйіні» кітабы жарыққа шықты
Сыртқы істер министр Қайрат Әбдірахманов жаңа туындының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сириялық дағдарысты реттеу жолдарын іздеуге бағытталған белсенді әрекеттері және Елбасының Ресей мен Түркия арасында 2015-2016 жылдарда орын алған шиеленісті шешудегі маңызды рөліне арналғандығын атап өтті.
«Мемлекет басшысының халықаралық бастамаларымен қоса алғанда сириялық және Ресей мен Түркия мәселелеріндегі бітімгерлік белсенділігіне талдау жасай отырып, кітаптың авторы Н. Назарбаевтың әрекеттеріне халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен өзара сенім орнатуға бағыттау идеясы себепші деген қорытындыға келеді», - делінген министр.
Сондай-ақ, кітапта Елбасының ислам әлемінің одан әрі дамуы туралы пікірлері де келтірілген. Ислам Үмбеті ішіндегі алауыздық пен өзара жанжал секілді басты қауіп-қатерлерге көңіл аударылады. Қазіргі кезеңде мұсылман мемлекеттері арасында жік арта түсуіне байланысты 2016 жылы Ислам ынтымақтастық ұйымының Ыстамбұл саммитінде «Ислам әлеміндегі татуластық» жөнінде Қазақстан мен Түркия президенттерінің бірлескен бастамасының өзектілігі артуда.
Жалпы, «Бітімгер: Сирия түйіні» кітабы сириялық шиеленістің 2011 жылғы басталуы мен 2017 жылғы маусымға дейінгі кезеңін қамтиды. Онда мына секілді көптеген сұрақтарға жауап табуға болады:
Сириядағы дау-жанжал жалғасын тапса да, бүгінгі күні бұл қантөгіс қақтығысты тоқтатуға ықпалын тигізетін өзгерісті кезең келді.
«Ресей, Түркия мен Иран басшыларының сирияаралық келіссөздерді Астанада өткізу туралы уақытылы бастамасы Сирияда атысты тоқтатуға жол ашты. Аталған мемлекеттер қазіргі күндері де бұл келісімдерді жүзеге асыру бойынша күш-жігерлерін салуды жалғастыруда. Сонымен қатар, Астана алаңы Женева процесіне демеу болып табылады. Қазақстан келіссөздердің екі алаңда да жүргізілуін қолдайды», - деп хабарлады СІМ.
-
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Абай жылының айшықты тұстары -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм отандық кинопрокатқа шықты -
Сайлау-2021: Еxit poll нәтижесі шықты
-
Денсаулық саласы: Бюджет ашықтығы қалай/Халықаралық деңгейде қай салалар бәсекеге қабілетті -
Жүрегінде ақауы бар 90 жастағы әжей ауыр дәрежедегі пневмония ауруын жеңіп шықты -
Вице-министр: Биыл егін бітік шықты -
Қазақстанда 630 адам коронавирустан емделіп шықты -
Қазақстанда тағы 84 адам коронавирус індетінен емделіп шықты -
"Инвесторлар мектебі" мен Invest day 2020 іс-шарасының қорытындысы шықты -
"Еуропа әлемінде" ертегілер кітабы жарыққа шықты -
ФОТО: Жақында ерекше жандар түскен отандық сериал жарыққа шығады
-
ВИДЕО: Жуырда ерекше жандар түскен қазақстандық сериал жарыққа шығады