- Басты
- Жаңалықтар
- Құрық порты паромы – Транскаспий дәлізінің маңызды бөлігі
Құрық порты паромы – Транскаспий дәлізінің маңызды бөлігі
А. Мамин Құрық айлағының паром кешені екінші кезеңінің құрылыс нысандарын қарады.
Өткізу кешенінің бірінші кезеңі өткен жылы желтоқсанда пайдалануға берілген болатын. Пайдалануға берілген 44 нысанның негізі теміржол құрамына кіреді. Қазіргі таңда паром жүк вагондарын тәулік бойы тоқталыссыз өңдеуден өткізеді.
2017 жыл басына бері коммерциялық негізде 93 су кемесі жүктері өңделсе, 400 мың тонна жүк паром арқылы өткізілді. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткішті 1 миллион тоннаға жеткізу көзделіп отыр.
Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Құрық порты құрылысының екінші кезеңінің автокөлік өткелі құрылысын аяқтау туралы тапсырма берген болатын.
Қазіргі таңда паром кешенінің автокөлік желісінің нысандары тұрғызылуда. Автокөлік тұрағының теңіз айдынында табанын тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Батыс және Шығыс қоршауларының тоспалары құрылысы салынуда. Фитосанитарлық бақылау кеңсесі ғимараты, радиациалық қорғау боксы, кемелерді басқару жүйесі орталығының ғимараты, кеден және шекаралық инфрақұрылым нысандары құрылысы жүргізілуде.
Жаңа паром кешені басты жүктер мен сусымалы жүктерді мультимодальдық көліктік тасымалдау жасалып, транзиттік жүк ағыны артып, Қазақстанның Каспий айдыны бағытындағы экспорттық әлеуеті өсе түсті.
Маңғыстау облысының жұмыс сапары барысында А. Мамин республикалық маңызды автокөлік жолының қайта жаңғырту жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысында ұзындығы 167 шақырымдық Ақтау-Шетпе және ұзындығы 60 шақырымдық Шетпе –Сай өтес, Бейнеу-Ақжігіт –Өзбекстан телімі 85 шақырымға тартылады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы күзде заем алу жөіндегі келісім мақұлданса, 73 шақырымдық Жетібай –Өзен автожолы жаңғыртылады.
А. Мамин өңірдегі көлік әлеуетін көтеретін автомагистральдық желілерді жаңғырту жөніндегі жүзеге асырылып жатқан барлық жобаларды тексере келіп, оны қысқа мерзімде аяқтау жөнінде тапсырма берді.
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Олимпиададағы қазақ спорты: кеше және бүгін -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында