- Басты
- Сенат парламенттік сессияны қорытындылады
Сенат парламенттік сессияны қорытындылады

Төраға Елбасы ұсынған саяси реформалардың құқықтық негізін қалайтын «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылдануының маңыздылығына тоқталды.
«Президент өкілеттіктерінің бірқатары билік тармақтарына беріліп, Парламент атқарушы органдардың қызметін бақылауда жаңа өкілеттіктерге ие болды. Үкіметтің Парламент алдындағы жауапкершілігі күшейтілді»,- деді Сенат Төрағасы.
Төраға сондай-ақ, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету Парламенттің күн тәртібіндегі негізгі бағыт» ,- деп атап өтті.
Қ.Тоқаев осы сессияда Парламент палаталары 84 заң жобасын жан-жақты талқылап қабылдағанын, 10 заң жобасына Сенат өзінің түзетулерін енгізгенін және Үкімет пен әр деңгейдегі атқарушы органдарға 70 тен астам депутаттық сауалдар жолданғанын айтты.
Төраға Сенаттағы «Өңір» тобының белсенді жұмысын да атап өттті.
«Бұл сессияда қабылданған заңдардың және маңызды мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен қоғамда қызу талқылауға түскен өзекті мәселелерді терең зерделеу мақсатында 5 рет парламенттік тыңдау өткіздік. Олардың қорытындылары бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктелді» ,- деді Сенат Төрағасы.
Қ.Тоқаев ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясының қабылдауын ерекше атап өтті және Жоғары Палатаның қоғамдық саяси саладағы парламенттік дипломатиядағы қызметіне тоқталды.
Отырыстың соңын ала Сенаттың бір топ депутаттарына марапаттар тапсырылды.
ТМД-ға мүше мемлекеттер халықтары арасындағы достықты нығайтудағы еңбегі үшін және Парламентаралық Ассамблея мен оның органдарының қызметіне белсене қатысқаны үшін сенаторлар Қуаныш Айтаханов пен Сәрсенбай Еңсегеновке «Содружество» ордені тапсырылды.
Парламентаралық Ассамблеяның «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалімен Икрам Адырбеков, Серік Жақсыбеков және Людмила Полторабатько марапатталды.
Осы және өткен шақырылымның бірқатар депутаттары Парламентаралық Ассамблеяның «ТМД ПАА 25 жыл» мерейтойлық медалімен және «ТМД ПАА 25 жыл» құрмет белгісімен марапатталды.
-
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ»
-
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді
-
Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Парламенттік сайлау – 2021: 6 саяси партияның дайындығы қалай
-
Парламенттік сайлауда кімдер дауыс бере алады
-
Сенат отырысы: Қандай заң жобалары қабылданды
-
Сенат депутаты: Дәстүрлі білім беруді жалғастыру мәселесін қарауымыз қажет
-
Жаңадан сайланған Сенат депутаттары төсбелгілерін алды
-
Сенатқа кімдер сайланды
-
Қазақстанда Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтіп жатыр
-
Асқар Мамин бірінші жартыжылдықты қорытындылады
-
ОСК: Сенат депутаттығына 88 үміткер ұсынылды
-
Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті
-
Сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну 13 маусымда басталады
-
Сенат тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын мақұлдады

