• Басты
  • Швейцарияның профессоры көмірқышқыл газ шығарындыларын қалай қысқарту керектігі жайында айтып берді (ВИДЕО)
29 Маусым, 2017 14:32

Швейцарияның профессоры көмірқышқыл газ шығарындыларын қалай қысқарту керектігі жайында айтып берді (ВИДЕО)

Швейцария павильонында Люцерн қолданбалы ғылымдар университетінің ұйымдастыруымен «Көмірқышқыл газ (СО2) шығарындыларының деңгейі орташа өңір құру» тақырыбына арналған семинар өтті. Профессор Уве Шульц Strategy2050.kz АА тілшісіне берген сұхбатында осы семинар жайында толығырақ айтып берді.

Швейцарияның профессоры көмірқышқыл газ шығарындыларын қалай қысқарту керектігі жайында айтып берді (ВИДЕО) | Strategy2050.kz

Семинарды ұйымдастырушылар жеке энергетикалық стратегия әзірлей отыра, қатысушыларға тұрақты энергетикалық жүйелер құрудың кешенді тәсілдері және осы бағытқа қалайша қол жеткізілетіні жайында түсінік беретінін атап өтті.

Әр түрлі мүдделі тараптардың атынан қатысушы топтарға қойылған мақсатқа қол жеткізуде күрделі тапсырмалар берілді. Ең алдымен, олар жергілікті туристік көркем жерлер үшін зиян келтірмей ең аз инвестицияларды қолдана отыра, көмірқышқыл газ шығарындыларының деңгейі орташа өңір құруды үйренді. Энергиямен жабдықтау инфрақұрылымын қайта қарады, яғни орталық жылыту идеяларын қайта қарады, жылумен және электрмен жабдықтауды орталықсыздандыруды, құбыр жүйелерін ойластырды. Мақсатқа қол жеткізу үшін жеке идеялар мен шығармашылық тәсілдер ескерілді.

Профессор Уве Шульц атап өткендей, бұл семинар профессор мен студенттердің жемісті еңбегіне негізделген күрделі іс-шаралардың бірі.

«Практикалық тәсілдер шараларды әзірлеу мен міндеттерге қол жеткізу, атмосфераға көмірқышқыл газ шығарындыларын қысқарту бойынша пәнаралық тәсілге негізделген. Негізгі мақсаты барлық әлемге және осы өңірге көмірқышқыл газ шығарындыларын қысқарту шараларын әзірлеу және осы міндетті іске асырудың практикалық, орындалатын шешімдері мен тәсілдерін іздеп табу керектігін жеткізу», - деді профессор.

Ол міндет пен негізгі мақсат қолданыстағы практикаларды Қазақстанға түсіндіру қажеттігі екенін айтты.

«Ең қызықтысы, бүгінгі таңда біз жұмыс істеп жүрген осы құралдарды беру бойынша нақты жоспар әлі жоқ, алайда, біз осы мәселені бірқатар университеттермен талқылаған болатынбыз», - деп атап өтті У. Шульц.

Сондай-ақ ол осы университеттерден әріптестері қолданыстағы «жасыл технологияларды» енгізу жөніндегі өз ұсынымдарымен бөліскенін де айтып берді.

«Мен маман ретінде бағдарлама тақырыбын дайындай отыра «Қазақстанға не үшін барасың, неліктен Қазақстанды таңдадың?» деген сұрақтарды жиі естідім. Бұл сұрақтарды мен өз-өзіме де қоятынмын, себебі өз әріптестеріммен, профессорлармен, студенттермен, оқушылармен әңгімелесу кезінде мен өзімнің осы елге анағұрлым көбірек мүмкіндік беру тұрғысында өз міндетімді атқаратынымды, сондай-ақ энергия үнемдеу мен «жасыл технологияларды» дамытуға үлес қосатынымды түсіндім», - деді У. Шульц.

Профессор сондай-ақ қазақстандықтардың осы семинарларға үлкен қызығушылық танытқанына таң қалғанын айтты.

«Шығарындыларды қысқарту, электр энергиясын тұтынуды азайту бойынша осы идеяны іске асыра бастаған кезде оны мемлекеттік қызметшілер, техникалық зерттеу институттары, халық, бизнес өкілдері сияқты қоғам қатысушыларын тартуы тиіс жұмыс жобасы ретінде ғана бастаған болатынбыз. Осы стратегияға сәйкес қойылған жоспарлар мен міндеттер бүгінде жүзеге асырылуы тиіс. Бізде идеядан іске асыруға дейінгі осы процесс 9 жылға созылды. Алайда, барлығы белсенді қатысып, тиісінше қараған жағдайда бұл кезең 4,5-5 жылға дейін де қысқаруы мүмкін деп ойлаймын», - деп қорытындылады У. Шульц.

Қайрат Жандыбаев

Видео Арман Мұхатов

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды