- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Люксембург ынтымақтастықты нығайту үшін нығайтуда берік негіз құра білді
Қазақстан мен Люксембург ынтымақтастықты нығайту үшін нығайтуда берік негіз құра білді
«Ширек ғасыр ішінде екі ел достық пен ынтымақтастық аясында қарым-қатынастардың барлық бағыты бойынша өзара іс-қимылды дамыту мен нығайтуда берік негіз құра білді», - делінген хабарламада.
Люксембург Премьер-министрі К.Беттельдің 2015 жылғы мамырда VIII Астана экономикалық форумына қатысуы шеңберінде Қазақстанға жасаған ресми сапары екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қосымша импульс берді. Сапардың шеңберінде ҚР мен ЛҰГ арасында Әуе қатынастары туралы үкіметаралық келісім мен ҚР Ұлттық Банкі мен Люксембургтің Қаржы технологияларының трансферті агенттігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумына қол қойылды.
Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі қазіргі заманғы әлемнің өзекті мәселелерімен бірегей ұстанымдарға ие. Мемлекеттер БҰҰ, ЕҚЫҮ және басқа да халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта.
Сауда-экономикалық қатынастардың дамуында оң серпіліс байқалуда. Ғарыш, қаржы және жаңа технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективті болуы мүмкін.
«ЛҰГ-тің «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы және Люксембургтің Премьер-министрі К.Беттельдің 2017 жылғы 9-10 маусымдағы жұмыс сапары шеңберінде Астанада Құрметті консулдықтың ашылуы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдық мәресіндегі ерекше оқиға болып, тараптардың ынтымақтастықты арттыруға талпынысын көрсетті. Аталған сапар аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықтың жаңа жолдарын белгілеуге мүмкіндік берді.Қазақстан Люксембургпен стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға және дамытуға бағытталған сыртқы саяси бағытты одан әрі жүргізуге ниетті», - делінген хабарламада.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы