- Басты
- Жаңалықтар
- Алматылық құрылысшылар көне қаланың кеспе тас қалдықтарын тапты
Алматылық құрылысшылар көне қаланың кеспе тас қалдықтарын тапты
Алматы әкімі сәулетшілер мен мердігерлік ұйымдарға сақталып қалған тастарды іріктеп алып, Панфилов көшесі бойындағы жаяу жүргінші жолын салған кезде пайдалануды тапсырды.
«Осының барлығы біздің қаламыздың тарихы, біз оларды сақтауға және көбейтуге тиіспіз» - деді Бауыржан Байбек.
Енді архитекторлар мен жобалушылар кездейсоқ табылған көне тастарды ұтымды пайдалану үшін Панфилов көшесін қайта жасау жобасына өзгеріс енгізудің жолдарын қарастыруда
Сәулет тарихшысы Алмас Ордабаев табылған көне тас өткен ғасырдың 30-34 жылдарына жататынын атты.
«Кеспе тас бұрынғы үкімет алаңының жұрнағы. Қазіргі кезде Жүргенев атындағы өнер академиясы орналасқан аймақ Алматыдағы алғашқы үкімет үйінің аумағы болатын. Бұл кеңістік ғимарат айналасын ғана емес, бұрынғы Киров, қазіргі Бөгенбай батыр көшесін де қамтиды. Кейін кеспе тастар Киров көшесінен Фурманов көшесіне дейін төселді, соғыстың алдында немесе соғыстан кейін бе, кеспе тастардың бір бөлігі Түрксіб ғимараты мен Жилкомбинаттың қарсысындағы Киров көшесінде қалып қойды. Яғни, Панфилов көшесінен Фурманов көшесіне дейінгі аумақта. Табылған кеспе тас Киров көшесіне төселген тастың қалдығы болса керек. Бұл - ерекше қызық архитектуралық ескерткіш. Егер кеспе тасты бұрынғы деңгейінде қалдыру мүмкін болмаса, оны астынан көтеру қажет», - деді сәулетші.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі