- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті елордада тұрғын үй беру жүйесін жөнге келтіруді тапсырды
ҚР Президенті елордада тұрғын үй беру жүйесін жөнге келтіруді тапсырды
Елбасыға биылғы сәуір айында Астана қаласын дамытуға арналған кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есеп беріліп, қаладағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және инфрақұрылымды жақсартуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет ұсынылды.
Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұрғындары санының артып келе жатқанына назар аударып, балабақшалармен және мектептермен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
"Тұрғындар саны артып келеді. Бұл ретте, көші-қон үдерісін ерекше бақылауға алу қажет. Елордада мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй беру жүйесін жөнге келтіру де маңызды", – деді Мемлекет басшысы.
Астана қаласының әкімі Қазақстан Президентіне елорданы дамытудың бірқатар экономикалық индикаторлары өскенін айтты, сондай-ақ қала тұрғындарының өмір сүруінің орташа ұзақтығы 75 жасқа жеткенін атап өтіп, әлеуметтік сала оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды.
Ә.Исекешев Елбасыға аналар өлімі және өкпе ауруы деңгейінің төмендегенін айтты.
Сонымен бірге Астана қаласының әкімі «Талдыкөл» ағын су жинақтаушысы орналасқан жердің құнарлығын қалпына келтіру, жауын су ағатын кәріз жүйесін және жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру бағытында қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.
Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған шаралардың нәтижелерін оң бағалап, елорданы дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы