- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысының Сарысу ауданында 5 тұрғын үй салынған
Жамбыл облысының Сарысу ауданында 5 тұрғын үй салынған
Жаңатас қаласында бүгінгі таңда 84 көпқабатты тұрғын үй және 41 екі қабатты коттедж, барлығы 5476 пәтер бар. Ауданда жалпы алаңы 567 шаршы метрді құрайтын 5 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.
Жаңатас қаласындағы 1-ші шағын ауданындағы 120 пәтерлік №34 көп қабатты тұрғын үйді қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұндай тың ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Көкей Олжас Тұрғынұлы айтты.
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету халықтың денсаулығын жақсартудың маңызды бір бөлігі. Сондықтан, бұл сала әрқашан басымдыққа ие.
«Ауыз су» және «Ақбұлақ» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында 26 елді мекеннің бүгінгі таңда 12-сінде жер асты су қоры зерттеліп, қорытындысы алынды.
Жаңатас қаласында бірнеше жылдан бері «Жаңатас қаласының су құбыры желілерінің І және ІІ кезең құрылыстарының» және «Кәріз желілерін жаңғырту жұмыстары» жүргізілуде.
«Жаңатас қаласының су құбыры желілерінің құрылыстары үстіміздегі жылдың қазан айында аяқталып, қала халқына су тәулік бойына берілетін болады.
Игілік, Өндіріс ауылдарының ауыз су жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарының жобалық сметалық құжаттары түзетіліп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.
Ұ.Сыздықбайұлы және Арыстанды ауылдарының үй маңындағы жерлерін суару үшін су реттегіш тоғандар салуға (23,2 млн.тг) және Тоғызкент ауылындағы «Жарма» бөгетінің құрылысына (94,6 млн.тг) 2017 жылы облыстық бюджеттен 117,8 млн. теңге қаражат бөлінген.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар