- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев "Бурабай" демалыс аймағында жақсы жағдайлар жасауды тапсырды
Н.Назарбаев "Бурабай" демалыс аймағында жақсы жағдайлар жасауды тапсырды
Қазақстан Президенті кездесуде облыстың туристік әлеуетін, соның ішінде «Бурабай» курортын одан әрі дамыту жұмыстары туралы сұрады.
Елбасы курорттық аймаққа келушілер саны жылдың әр мезгілінде әртүрлі екеніне назар аударып, туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің деңгейіне сай келмейтін бағалардың жоғары екенін атап өтті.
"ЭКСПО-2017" көрмесінің өтуін тиімді пайдалану қажет. Көптеген туристер, соның ішінде шет елден де келді. Бірақ, экологиялық жүйеге салмақ салмау керек. Сонымен қатар, адамдардың демалуы үшін жақсы жағдай жасаған жөн", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін көтерудің маңыздылығына тоқталып, облыс басшылығы тарапынан ерекше мән беруді қажет ететін бірқатар саланы айтты.
М.Мырзалин Қазақстан Президентіне туристердің қазіргі демалыс орындарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндап, өңір қонақтары мен тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге арналған жоспарлармен таныстырды.
-
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
Алтын Орда тарихы неге зерттелмеді -
Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек -
Балаларға арналған демалыс және бейімдеу орталықтарын ұйымдастыру бойынша жобалар акселерациядан өтті -
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады -
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр -
ҚКХ партиясы үкіметтен несие рақымшылығын жасауды талап етті -
COVID-19: Вирусқа қарсы екпе салдыратын еріктілерге қандай жеңілдіктер бар, демалыстағы шектеулер қашан алынады -
Нұртөре ЖҮСІП: Президент Жолдауында жақсы жаңалық көп -
COVID-19: Демалыстағы эпидемиологиялық жағдай -
Қазақстанда экологиялық білім беру жүйесі қалай жүзеге асады -
Тоқeев Ливaндағы қазақстандықтардың қауiпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды