- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-дағы сотталғандарға пробация үйлерінде көмек көрсетіледі
ШҚО-дағы сотталғандарға пробация үйлерінде көмек көрсетіледі
Шығыс Қазақстанның Зырян қаласында бір терезе принципі бойынша жұмыс істейтін Пробация үйі өз есігін ашты, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
ҚАЖ қызметкерлерінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, білім бөлімі, көші-қон полициясының құжаттандыру бөлімі және «Антарес-А» қоғамдық қоры филиалы мамандарының қатысуымен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза шараларына шамамен 50 сотталушы әлеуметтік-құқықтық көмек алды. Есепте тұрған адамдар да тиісті консультациялар алып, жоғарыда аталған мамандардың көмегімен өздерінің мәселелерін шеше алды.
«Нәтижесінде арнайы білімі жоқ жеті жұмыссыз адам тегін оқытылып, кәсіпке ие болады. 10-ға жуық сотталған адам қалалық кәсіпорындар мен ұйымдарға жұмысқа жіберілсе, тағы 16 сотталған психологиялық көмек алды. Бұдан бөлек, 17 сотталғанға құқықтық көмек көрсетілді, оның ішінде әр түрлі жағдайда жоғалған құжаттары қалпына келтірілді», - деп ақпараттандырды ҚАЖК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Арман Қатанов.
Бас бостандығынан айыру жерлерінен босап шыққан бұрынғы сотталғандар, сондай-ақ мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған немесе әкімшілік қадағалау белгіленген адамдар көмекке жүгіне алады.
Жақын уақытта Риддер қаласында ХҚКО форматында Пробация үйін ашу жоспарланып отыр.
«Қазақстанның барлық облыстарында «Пробация үйі» түріндегі жаңа жобаның іске асырылуы аса пайдалы тәжірибе. Кейінгі уақытта көрсетілген көмек сотталғандардың қоғамда жылдам бейімделуіне және қылмыстардың қайталануының азаюына ықпал етеді», - деп хабарланды ІІМ ҚАЖ Комитетінде.
-
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
COVID-19: Әлем елдері Үндістанға көмек қолын созуда, ал Түркия мен Пәкістан жаппай локдаун енгізбекші -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек -
Ұлт саулығы Ұлттық кеңестің назарында -
2021 жылғы қаңтар-ақпанда 649 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды -
Антикор: Әкімшілік тәжірибе сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектеседі -
Гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек -
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы