- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттің жаңа түрі енгізіледі
ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттің жаңа түрі енгізіледі
Ұлттық компанияның ақпараты бойынша Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары көрмеге кіру үшін үш билет сатып алған кезде бір тегін билетке ие болады.
Демалыс күндері балалар мен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер көрмеге тегін кіре алатын болады. 12 жасқа дейінгі балалар міндетті түрде үлкендермен бірге кіреді, осы ретте баланың жасын растайтын құжатты бірге алып жүру керек.
Бұдан бөлек, компания сағат 18.30-дан бастап қолданылатын «Кешкі» атты билет түрінің енгізілетінін хабарлайды. Оның құны жұмыс күндері – 2 мың теңге және демалыс күндері – 3 мың теңге. «Кешкі» билеті сондай-ақ азаматтардың жеңілдік берілетін санаттары үшін де қолданылады, оларға билет жеңілдікті құнынан екі есе арзан болады, яғни жұмыс күндері – 1 мың теңге болса, демалыс күндері – 1,5 мың теңге.
Еске сала кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесіне абонементтер сатылымы да ашылған болатын. Абонемент құны стандартты категориялар үшін – 50 000 теңге және жеңілдікті категориялар үшін – 25 000 теңге.
«Абонементті ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми билет кассаларынан және көрмеге кіреберіс жерлерден сатып алуға болады. Барлық абонементтер атаулы болып табылады, сондықтан, абонементті сатып алу кезінде, сондай-ақ көрме аумағына кіру кезінде өзімен бірге жеке куәлікті алып жүру қажет», - деп ескертті компанияда.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар