- Басты
- Жаңалықтар
- 2020 жылға дейін Астана қаласында 100 балабақша салынады – И.Тасмағамбетов
2020 жылға дейін Астана қаласында 100 балабақша салынады – И.Тасмағамбетов
«2013 жылы Астанада 8 балабақша, жалпы, соңғы 4 жылда 80 балабақша салынды. Ал 2014 жылы тағы 17 білім беру мекемесін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазіргі қоғамда балабақша тапшылығы мәселесі ушығып тұрғаны белгілі. Алайда, бұл мәселені осылай бірте-бірте шешеміз», - дейді Иманғали Тасмағамбетов.
Әкімнің айтуынша, елордада мектептерге де баса назар аударылуда. Орта білім беру сегментінде қазіргі таңда 83 орта мектеп бар. Соның ішінде 71-і мемлекттік болса, 12-сі жеке меншік мектептер. Олардағы оқушы саны 95 мыңды құрайды.
«Биыл елордада 4 мектеп қолданысқа берілді. Ал 2014 жылы тағы 10 мектеп салынбақ. Бұл мектептердің құрылысы басталып кетті, келер жылы тағы 5 мектептің құрылысын бастаймыз», - деді Тасмағамбетов.
Айта кету керек, мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 171 ұйым жұмыс істейді. Олардың 78-і мемлекттік болса, 66-сы жеке меншік, 2-еуі ведомстволық, ал 25-і шағын орталықтар. Ондағы балалардың жалпы саны 33 мыңды құрайды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы