- Басты
- Жаңалықтар
- Өңірлерде шағын су қоймаларын салу керек – Н.Назарбаев
Өңірлерде шағын су қоймаларын салу керек – Н.Назарбаев
Кездесуде су ресурстарын дамыту және ауылдық жерлердің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Астананы және өзге де өңірлерді су деңгейінің көтерілуі мен су тасқынынан қауіпсіз етуге мүмкіндік беретін жобаларды іске асырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Судың көптігі су деңгейінің көтерілу қаупін тудырады. Бір жағынан, оны ұтымды, әсіресе ауыл шаруашылығында пайдалануға болады. Осыған орай әр елді-мекенде шағын су қоймаларын салуды қамтамасыз ету қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президентіне бөгеттердің қазіргі жағдайы және су деңгейінің көтерілуі мен су тасқыны болуы мүмкін өңірлерде жаңа су қоймаларын салу перспективалары жөнінде мәлімет берілді.
Сондай-ақ, Елбасы Астана маңындағы су қоймалары мен көлдердің туристік әлеуетін арттыру қажеттігін айтты.
«Кеңбидайық су қоймасы қалаға жақын орналасқан. Бұл жер елорда тұрғындары демалатын орындардың біріне айналуға тиіс. Онда жағажай жасап, демалыс орындарын салу керек», – деді Мемлекет басшысы.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері