- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс төрағасы жылды қорытындылады
Мәжіліс төрағасы жылды қорытындылады
Осыған байланысты сессия жұмысын қорытындылаған Мәжіліс Төрағасы бұл сессия Мәжіліс тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болғанын атап өтті.
«Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына, Елбасының бастамасымен жүргізілген конституциялық реформаға баса көңіл бөлді.Оны сапалы заңмен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, Президенттің Жолдауында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында, «Қазақстан - 2050» Стратегиясында айтылған басым бағыттарды заңнамалық қаматамсыз ету жолында жұмыстар атқарылды», - деді ол.
Айта кетсек, аталған кезеңде Мәжілістің 38 жалпы отырысы өтіп 226 мәселе қаралған.
«Палата 84 заң жобасын қарап, Сенатқа жолдады. Сондай-ақ, 16 «үкіметтік сағаттар», 2 Парламентттік тыңдау, 25 «дөңгелек үстелдер», 17 көшпелі отырыстар мен 4 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылған. Мәжіліс Төрағасы атап өткен тағы бір үлкен өзгеріс ол – Мәжіліс жұмысының ашық болуы», - деді Н.Нығматулин.
Өздеріңіз жақсы білесіздер, сессия ашылған күннен бастап, жалпы отырыстар және Үкімет сағаттары «онлайн» режимде бүкіл республикаға көрсетілді.
«Бұл Мәжіліс жұмысының бұрынғыдан да ашық және сапалы болуына зор ықпал етті. Сонымен қатар, бізде өткен шараларға мемлекеттік органдармен бірге, қоғамдық ұйым мүшелері, Мәжіліске кірмеген партиялар қатысып, біздің Мәжіліс шын мәнінде еркін-пікір орталығына айналды. Осының барлығы біздің жұдырықтай жұмылып, бірлесе жасаған жұмыстарымыздың нәтижесі»,-деді Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс осы күні кейбір заңнамалық актілерге оларды Конституция нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша түтулерге қатысты заң жобасы бойынша Сенат енгізген өзгерістерге келісім білдірді.
Қайрат Жандыбаев
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды