• Басты
  • Мәжілісте ЕАЭО елдері үшін қару жөніндегі бірыңғай құжат талқыланды
28 Маусым, 2017 12:53

Мәжілісте ЕАЭО елдері үшін қару жөніндегі бірыңғай құжат талқыланды

ҚР ІІМ Бірінші вице-министрі Марат Демеуов Мәжілісте «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды ауыстыру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын таныстырды.

Мәжілісте ЕАЭО елдері үшін қару жөніндегі бірыңғай құжат талқыланды | Strategy2050.kz

«Келісімге 2016 жылғы 20 мамырда Ереван қаласында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары қол қойды. Келісім қаруды өткізу, спорттық іс-шараларға қатысу, аңшылық, көрмелерде көрсету, сынақ жүргізу, қарудың негізгі бөліктерін жөндеу немесе ауыстыру, мақсатында, сондай-ақ қару иесінің басқа мемлекетке көшуіне байланысты, қызметтік және азаматтық қаруды тасымалдауды, әкелуді, әкетуді және ішкі транзитін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады», - деп түсіндірді М. Демеуов.

Ол осы құжатта еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер үшін бекіткен нысан бойынша бірыңғай құжаттың негізінде міндетті рұқсат беру тәртібі, соның ішінде берілген рұқсат беру құжаттары туралы ақпарат алмасу көзделетінін атап өтті.

«Келісімді ратификациялау ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдарына азаматтық және қызметтік қарудың айналымын толық бақылауды жедел жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Заңның қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді және қосымша қаржы шығындарын талап етпейді», - деді М.Демеуов.

Вице-министр оңайлатылған тәртіп Қазақстандағы туризмді дамыту үшін енгізілгенін атап өтті.

«Төрт елдің біріне аңшылыққа шығатын адамдар осы елге аңшылыққа шығуға рұқсатты алдын ала алады. Есепке алу мен бақылауды жүргізу үшін ол шығуға ейін 10 күн бұрын аумақтық органдарға хабарлайды. Оңайлатылған тәртіп туризмді, аңшылық туризмін дамыту үшін енгізілген», - деп атап өтті М.Демеуов.

Сондай-ақ, ол осы келісімде рұқсат беру құжаттарын беру мерзімі көрсетілгенін де хабарлады.

«Барлық бес ел үшін осы құжаттарды ресімдеу мерзімі 15 күнді құрайды. Еліміздің азаматтары осы рұқсат беру құжатын электрондық үкімет арқылы ала алады, аңшылыққа рұқсаттың бір түрі ғана берілсе, басқа жағдайларда, мысалы, көрмелерге, жарыстарға қатысу және сату үшін рұқсаттың үш түрі қажет. Біріншісі – елімізден шығу үшін, екіншісі – транзит, үшіншісі – болжанған елге кіру үшін. Қару жоғалған жағдайда азамат қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, өтінішпен ішкі істер органдарына жүгінеді, өтініш тіркеледі. Осыдан кейін қару табылғанға дейін моделі, нөмірі бойынша есепке қойылады», - деп түсіндірді М.Демеуов.

Нәтижесінде, вице-министр ҚР аумағында да және одан тыс жерлерде де азаматтық және қызметтік қаруды тасымалдау статистикасын келтірді.

«Жалпы, елімізде 250 мыңға жуық қару иелері есепте тұр. Қару бірліктерінің саны 283-ке жуық. Орта есеппен, 70 мыңға жуық қару тасымалданса, оның 1800-ге жуығы аңшылық мақсатында тасымалданған»,- деп түйіндеді М.Демеуов.

Қайрат Жандыбаев

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды