- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында жүр
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында жүр
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова Бақытжан Сағынтаевқа МӘМС жүйесін енгізуге даярлық пен өңірдің медициналық мекемелері мен денсаулық сақтау саласын дамыту келешегі туралы баяндады.
Облыста халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, облыстың барлық тұрғындарынан МӘМС жүйесіне қатысушылардың статусы анықталды. Қазіргі таңда емханаларға тіркеу науқаны жүргізіліп жатыр.
Балалар ауруханасын аралау кезінде, Бақытжан Сағынтаевты мекеменің жабдықталуы мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында балаларды білікті емдеу шаралары туралы ақпараттандырды.
Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапарының алғашқы нысаны Сырдария өзеніндегі су тасқыны кезеңінде су жинауға және ауыл шаруашылығына арналған жерлерді суаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін гидротехникалық құрылыс болды.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов Мемлекет басшысының тасқын суды жинау және суарылатын жерлердің көлемін арттыру бойынша тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
Қызылорда облысында егін шаруашылығы суармалы жерлерде ғана жүргізіледі, оның жалпы ауданы шамамен 240 мың га құрайды, оның ішінде ауыспалы егіске ағымдағы жылы 180 мың га тартылды, бұл өткен жылға қарағанда 10 мың га-ға артық. Суармалы егін шаруашылығы алқабын кеңейту гидротехникалық құрылыс, оның ішінде Қызылорда су торабы арқылы жүзеге асырылады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі