Шығыс Қазақстанда археологиялық зерттеулер қалпына келтіріледі

28 Маусым, 2017 11:54
Шығыс Қазақстан облысында археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту жоспарының екінші кезеңі басталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ауқымды зерттеулер Шығыс Қазақстанның  бірқатар өңірінде жүргізіледі. Бұл жұмысқа әр түрлі елдің археологтары  қатысады.

Өткен жылдардың  қазба жұмыстары бойынша  бірқатар нысандар Сакралды орындар картасына енді.

« «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге асыру аясында алдыңғы қатарлы  ғалымдармен бірігіп, Сакралды орындар картасына енетін    нысандар тізімін әзірлеп жатырмыз. Жұмыс төрт ай ішінде аяқталады», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. 

Барлық жаңалықтар