Қазақстанда Сенат депутаттарын сайлау өтуде

28 Маусым, 2017 10:34
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутаттарды сайлау бойынша сайлаушыларды электрондық тіркеу өтті.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, дауыс беру үшін 16 тармақтың барлығы дайын және ашық. Аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары бақылаушылардың қатысуымен операторлардың функционалға қолжетімділігі үшін логиндері мен парольдері бар конверттерді ашты. Сайлаушыларды электрондық тіркеу өтті. 

Еске сала кетейік, облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 38 үміткер тіркелген. Сайлаушылардың тізімдері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Пайда болған бос округтерді ескергенде, дауыс беруге қатысатын сайлаушылардың саны 3293-ті құрайды. 

Барлық жаңалықтар