- Басты
- Жаңалықтар
- Астана мен Ұлыбританияның іскерлік ортасы қалалық жоспарлауды талқылады
Астана мен Ұлыбританияның іскерлік ортасы қалалық жоспарлауды талқылады
Қала басшысы Ә. Исекешев пен герцог Глостер көрмені аралап болған соң, елордамызда қазақстандық-британдық бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде келіссөздер жүргізді.
«Қос тарап ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтті, екі мемлекет арасындағы іскерлік байланысты одан әрі нығайтып, кеңейту үшін қажетті жағдай жасауға дайын екендіктерін жеткізді», - делінген хабарламада.
Оған қоса әкім мен герцог британ павильонының аумағында «Қазақстан Республикасында қалалық жоспарлау мен BIM технологиясын енгізу» тақырыбына арналып өткен «дөңгелек үстелде» құттықтау сөз сөйледі.
Аталмыш «дөңгелек үстелді» ҚР-ғы Ұлыбритания Елшілігі мен «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қоры ұйымдастырды.
Оған Gillespies,Pavegen, IBM,AutodeskCIS,EcoDomusInc.,IdeaFabrikPLC-TheHeroEngineCompany, Crowne Agents және Манчестер университеті сынды бірқатар британдық және американдық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Айта кеткен жөн, Герцог Глостер Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның немере інісі, ол ел ішінде және шетелдік іс-сапарларға шығып, қоғамдық маңызы бар істерге белсене араласады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады