Батыс Қазақстан облысының капиталына 100,3 млрд. теңге инвестиция құйылды

28 Маусым, 2017 09:54
2017 жылдың қаңтар-мамырындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі қайта бағалау есебімен 100,3 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.

Нақты көлем индексі 2016 жылғы тиісті кезеңге 76,6% құрады. Инвестициялардың технологиялық құрылымының 43,8% ғимараттар мен имараттардың құрылысы және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар, 31,1 % - машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, 25,1% - басқа күрделі жұмыстар мен шығындар құрады.

2017 жылғы қаңтар-мамырда инвестициялық салымдардың 75,1% - өнеркәсіпке, 14,1% - жылжымайтын мүліктермен жасалатын операцияларға, 2,8% - көлік және қоймалауға бағытталған.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның қомақты көлемі Бөрлі (46,7 млрд.теңге), Зеленов (6,5 млрд.теңге) аудандарында және Орал қаласында (21,6 млрд.теңге) байқалады.

Барлық жаңалықтар